Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжановтың төрағалығымен өткен жиында «Өңдеу өнеркәсібін дамыту мен цифрландыру» мәселесі қаралып, тиісті бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.Мәжіліс барысында өңдеу өнеркәсібінің ағымдағы жылдың 10 айындағы көрсеткіштері талданып, оң нәтижелермен қатар төмендеген салалар бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, тауарлы бетон және табиғи-құм өндірісіндегі төмендеу көрсеткіштерін қалпына келтіру, әрбір кәсіпорынның жұмысын жеке-дара талдау және өсім қалыптастыру бағытында тиімді тетіктерді қолдану тапсырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов:
– «Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша облыс әкімдігімен арнайы жоспар бекітілді. Қараша-желтоқсан айларындағы көрсеткіштердің жоспарға сәйкес орындалуы аудан әкімінің қатаң бақылауында. Сондықтан, көрсеткіштерді көтеру бағытында арнайы жоспар құрып, жұмысты үйлестіріңіздер. Межеленген көрсеткіштерге қол жеткізуіміз тиіс»– деді.
Жиын соңында жауапты бөлімдерге көрсеткіштерді тұрақты мониторингтеу, өндіріс көлемін арттыруға ықпал ететін шараларды жедел іске асыру және цифрландыру үдерістерін күшейту жүктелді.
03 желтоқсан 2025 ж. 41 0