Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНДЫ

Экономика еліміздің мызғымас негізі. Осы ретте аудан әкімдігінде макро-экономикалық көрсеткіштері және қаржының игерілуі бойынша жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен өткізілген мәжіліске дербес бөлім басшылары, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы және аудандық статистика басқармасының басшылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев ауданға тартылатын инвестиция көлеміндегі нақты құрылыс жұмыстарының үлесін анықтап, ай сайын сататистикалық есептілікке енгізілуін қамтамасыз етуді тиісті бөлімдерге тапсырды. Сондай-ақ жиында инвестицияның көлемін өткен жылдың деңгейінде сақтап қалу мақсатында барлық мүмкіндіктерді қарастыру қажеттігі айтылды.
Әр тоқсан сайын ауданның экономикалық даму көрсеткішін саралап отырудың маңыздылығы ескерілген жиында кемшіліктер де назарға алынды.
Мәжілісте тағы бір мәселе, аудан бюджеті қаржысының сапалы, тиімді, толық және уақытылы игерілу керектігі де назарға алынды. Қаржылардың игерілуіне күнделікті бақылау жасап, есепті мерзімде игерілмеу қаупі бар қаржылар қалыптасатын жағдайларда игерілмеу себептерін анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауды жауапты бөлімдерге тапсырды.

"Толқын" ақпарат
18 қараша 2022 ж. 375 0