Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаржысы уақытылы игерілуі тиіс

Бюджет қаржысы уақытылы игерілуі тиіс

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде маңызды мәселелердің бірі бюджет қаржысының бес айдағы игеріліуі мен алдағы алты айдағы болжамы қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес ең алдымен аудандық қаржы бөлімінің басшысы Мақпалбай Көлдеев бөлінген қаржылардың игерілу барысы жөнінде хабарлама жасап, бюджет қаражатын игеру мәселесіне қатысты бірқатар деректерді келтірді. Баяндамада атап өтілгендей аудан бюджетінен қаржыландырылатын бағдарлама әкімшілері 2021 жылдың 1 маусымына бөлінген қаржының 97,7 пайызын игерген. Қалған игерілмеген қаржының негізгі басым бөлігі бөлімдер бойынша, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде қалыптасып отыр. Сондай-ақ, игерілмеген қаржының басым бөлігі қала, кент, және ауылдық округтер негізінде қалыптасқан.
Осылайша игерілмеген қаржылардың жай-күйімен танысып, уақытылы қаржыны игермеген салалардың жұмысын талдап өткен аудан басшысы биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша оқылықтарды реттеп, қаржылардың уақытылы игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
- "Сіздерден нақты нәтиже күтемін. Сондықтан, мүмкіндігінше барлық мәселенің шешу жолын қарастырыңыздар" дей келе, тиісті бөлім басшыларына тапсырманы мерзімінен кешіктірмей орындауға жұмыс жасауды тапсырды. Аталған мәселелердің барлығы қадағалауда екені де ескертілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
17 маусым 2021 ж. 335 0