Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшқыш пен курсант көз жұмған: Алматы облысында ұшақтың не себепті құлағаны анықталды

Ұшқыш пен курсант көз жұмған: Алматы облысында ұшақтың не себепті құлағаны анықталды

2017 жылы тамыз айында Алматы облысында Tecam P2002-JF оқу-жаттығу ұшағының апатқа ұшырауына қатты жел себеп болған. Апат салдарынан нұсқаушы ұшқыш пен курсант көз жұмған еді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе оқиғалары мен жағдайларын тергеу жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың сөзінше, тергеу барысында жеке ұшуды жүзеге асырып келген жекеменшік компанияның тарапынан 30 бұзушылық анықталған. 
Жекелей алғанда, Training Center Part-FCL авиациялық оқу орталығының басшылығында ауа райы туралы мәліметтер болмаған және рұқсат беретін құжаттарды қолдан жасаған, дейді Жұмасұлтанов. 
«Ұшақтың ұшқаннан кейін төменгі биіктікте қатты желге тап болуы аса қауіпті жағдайдың туындауына алып келді. Әуе кемесінің экипажы бұл жағдайдан шыға алмай, жерге құлады», - дейді басқарма басшысы. 
Сонымен қатар биікке көтерілу кезінде қозғалтқыштың қуатының уақытша жоғалуы да әуе кемесінің апатқа ұшырауының қосалқы себебінің бірі болған.
http://stan.kz
14 мамыр 2019 ж. 779 0