Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Аудандық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және аудан әкімінің өкімімен Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Молжігітов Алмасбек Жақсылықұлы тағайындалды.

Алмасбек Жақсылықұлы - 1982 жылы Арал ауданы, Көктем елді мекенінде дүниеге келген.

2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда қаласындағы Белкөл ауылдық клубы менгерушісінің мiндетiн атқарушы қызметінен бастаған.

2014 - 2017 жылдары Белкөл ауылдық клубының директоры;

2017 - 2019 жылдары Арал аудандық мәдениет үйінің директоры;

2019 - 2021 жылдары Қызылорда облыстық филормониясының бас әкімшісі, С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі директорының шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары;

2021 - 2022 жылдары «Зерде» жеке жалпы білім беру мектебінде музыка пәнінің мұғалімі;

2022 - 2023 жылдары Қызылорда қаласындағы оқушылар мен жасөспірімдер үйінің дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі;

2023 - 2024 жылдары Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің директоры;

2024 жылдан бастап Арал аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін абыройлы атқарып келді.

Отбасылы

04 тамыз 2026 ж. 34 0