Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл мұғалімі - ең әлсіз адам болып тұр": Депутат барлық ұстаздың жалақысы көтерілмейтінін айтып ашынды

"Ауыл мұғалімі - ең әлсіз адам болып тұр": Депутат барлық ұстаздың жалақысы көтерілмейтінін айтып ашынды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚКХП фракциясының депутаты Ирина Смирнова мұғалімдердің еңбекақысы туралы мәселе көтерді. Ол жаңа бастаған педагог немесе тәрбиешінің жалақысы елдегі орташа айлықтан кем болмауы тиіс деп санайды

Премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында ол педагогтарға жалақыларын өсіруге мүмкіндік беретін кезектен тыс аттестация өткізу жүйесін сынады. 
«Мысалы, педагогтардың еңбегін ынталандыру мақсатында 2018 жылы өткізілген кезектен тыс аттестация мектеп бітірушілерінің емтиханы кезінде өтті. Білім министрлігі осындай қисынға келмейтін нәрсені биыл да қайталайын деп отыр», - деді Смирнова. 
Депутат аттестацияны барлық педагогтың жалақысын бірдей көтеруге мүмкіндік бермеу үшін жасаған дейді. Өйткені кезектен тыс аттестацияға қатыса алғандар сәтті тапсырып шыққан.  
«Әдеттегідей ауыл мұғалімі ең әлсіз адам болып отыр. Тестілеу пунктінде таңғы 8-де болуы керек. Ендеше ол үйінен не түнде, не ерте таңертең шығуы тиіс. Олар ҰБТ тапсыратын оқушылар секілді металл іздейтін құрылғыдан өтуі керек. Оған қоса жекірген комиссия мен у-шуды елестетіңіз. Білім және ғылым министрлігі әр педагогтың аттестациядан өтуі өз еркінде екенін, алайда кім жалақасын көтергісі келеді соның бәрі қатысуы керек дейді.
Сонда қосымша ақыны емтихан тапсырып қана алуға болады. Неліктен мұғалімдердің 20% ғана қатысуға ынталы болғаны түсінікті шығар. Кезектен тыс аттестацияны өткізудің еш миссиясы, мақсаты, міндеті жоқ. Бірақ өткізу рәсімдері туралы егжей-тегжейлі көрсетілген. Бақылау, тұлғаны сәйкесендіру қалай жүргізілетіні жазылған», - деп айтты депутат. 
Ол аттестацияға қатысу үшін мұғалімдер комиссияға қажет емес нәрселер тапсыруы қажет екенін айтты. 
«Қатысу үшін педагог өтініш пен құжаттардан бөлек пікірлер, білім алушылар мен олардың ата-анасы, әріптестері, әкімшілік жауап берген анкета нәтижесін ұсынуы тиіс. Әр өтінім берушіге сарапшылар комиссиясы ұсыну-ұсынбау туралы шешім шығарады. Сонда комиссия мақұлдаған соң ғана аттестацияға қатыса алады. Бұл тәсілдің субъектілігі қарастырылмай ма? Әкімшілікке тәуелді болып отырған жоқ па?» - деді ол.
Депутаттың айтуынша, екінші кезеңде мұғалім комиссияға жетістіктері көрсетілген портфолио ұсынуы керек. Осының бәрі оған қосымша ақы беру мәселесін шешеді. 
«Кейде мұғалімдер елдегі орташа жалақыны ала алмай отыр. Жас педагог мектепке келген соң бірден жеткілікті ақыны ала алмайды. БҒМ осы рәсім арқылы мұғалімнің потенциалын дамытуды емес, бақылау орнатуды күшейтуді қалайтындай көрінеді», - деп сөзін түйіндеді Смирнова.
http://stan.kz
15 мамыр 2019 ж. 558 0