Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

Күзде 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кімдер шақырту алады?
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, желтоқсанның аяғына дейін әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 23 000-ға жуық ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Олар қайда барады?
Олардың ішінде 12 000-нан аса адам Қарулы күштер, 7 000 адам Ұлттық ұлан, 3 000 адам ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден аса адам Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуық адам Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады.

Сарбаздарға қандай мүмкіндік беріледі?
Әскери қызметшілер әскери мамандықпен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие 20-ға жуық мамандықты тегін меңгере алады. Олардың қатарында жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және тағы басқалары бар.

Фото: massaget.kz

Бұдан бөлек, сарбаздарға әскери қызмет кезінде несие төлемін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.
03 қыркүйек 2026 ж. 61 0