Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл – халық қазынасы

Тіл – халық қазынасы

Бүгін аудандық мәдениет үйінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халықтың қазынасы» атты мерекелік кеш өтті.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілін ардақтау, еліміздегі этностардың тілдері мен мәдениетіне құрмет көрсету, сондай-ақ қоғамдағы татулық пен бірлікті дәріптеу мақсатында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымға мерекенің маңызын атап өтті.
Шара барысында мемлекеттік тілді дәріптеуге атсалысып жүрген азаматтарға Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс әкімінің, басқарма басшысының, аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарының Алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.
Тіл – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін халықтың рухани қазынасы. Ана тіліміздің мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жас ұрпаққа тілдің қадірін ұғындыру – баршамызға ортақ міндет.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
07 қыркүйек 2026 ж. 45 0