ТІЛ – БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Өткен жылдан бастап еліміз Қазақстан халқының тілдері күнін 5 қыркүйекте атап өтті. Атаулы күннің дәл осы уақытқа белгіленуінің де өзіндік себептері бар. Мәселен, бұл күн– «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Айтулы мерекеге орай бүгін Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты салтанатты шара өтті.
Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қанатов сөз алып, жұртшылықты еліміздегі мағызды мерекемен құттықтап, мереке аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін асыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырларын аудан әкімінің алғысымен марапаттады.
Мерекелік шара одан әрі аудан өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласып, кеш көрермендері тағылымды шарада бір серпіліп тарқасты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі