Қазақстандық зағип оқушы ментальді арифметикадан халықаралық олимпиада жеңіске жетті

Абылай 11 жаста, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының көзі көрмейтін балалар тобында 3-сыныпта оқиды. Абылай – туылғаннан бері мүгедек, диагнозы – шала туылғандардың 5 дәрежелі ретинопатиясы (көру қабілетінің болмауы, жарықты сезінбеу).
«Абылай мектебінде өзінің мүгедектік дәрежесіне қарамастан өзін тек белсенді жағынан көрсетеді, ол өте қабілетті оқушы. Абылайдың барлық материалды есту арқылы шығарады, ал шешімді Брайль әдісі бойынша өзі жазады. Оқу кезеңінде Абылай қалалық олимпиадаға қатысып, Чемпион атағына ие болды және халықаралық олимпиадада СуперЧемпион атағына ие болды. Абылай барлық қатысушылармен тең дәрежеде қатысатын жалғыз көзі көрмейтін бала», - дейді Абылайдың оқытушысы Сәуле Сағымбаева.