Оқу мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет
Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып қана қоймай, рухани дүниесін байытатын маңызды құндылық. Қазіргі таңда жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру – кітапхана саласындағы маңызды бағыттардың бірі.Осы ретте кітапханашылардың басын қосқан кездесуде оқу мәдениетін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Жиын барысында кітап оқудың қоғамдағы орны, оқырманның кітапқа қызығушылығын арттыру жолдары және кітапханалардың осы бағыттағы жұмысының жаңа тәсілдері сөз болды.
Кітапханашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқырманмен тиімді жұмыс жүргізу, жастарды кітап оқуға тарту, заманауи форматтағы әдеби кездесулер мен танымдық іс-шараларды көбейту жөнінде пікір алмасты.
Әсіресе жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді. Себебі кітаппен тұрақты байланыс адамның білімге деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілеті мен дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
Кездесу барысында кітапханалардың тек кітап сақтайтын орын емес, білім мен мәдениеттің, пікір алмасу мен рухани дамудың маңызды орталығы екені атап өтілді.











