Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жаңа президентті қолдауға бағытталады": Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі жұмысы туралы айтты

"Жаңа президентті қолдауға бағытталады": Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі жұмысы туралы айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтандағы экономикалық форумға қатысуда. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігі тоқтағаннан кейін қандай жұмыс атқаратыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бүгін алдарыңызда мемлекет президенті ретінде сөз сөйлеп тұрғаным жоқ. Мемлекет пен халықтың мүддесі үшін, өзімнің президенттік өкілеттігімді тоқтататыным туралы күрделі әрі ойластырылған шешім қабылдадым. Мемлекеттің жаңа тарихында алғаш рет Конституцияға сәйкес әрекет етіп, бейбіт әрі тыныш жағдайда, демократиялық жолмен биліктің транзитін жүргізіп жатырмыз. Маған жазып, қоңырау шалып, бұл шешімімді қолдаған әріптестеріме, мемлекеттердің басшыларына және бүкіл әлемдегі саясаткерлерге алғыс білдіремін», - дейді Назарбаев.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент мемлекеттің стратегиялық даму бағыттары жөніндегі жұмысқа, оған қоса ішкі және сыртқы саясат, қауіпсіздік жұмыстарына қатыса беретінін айтты. 
«Менің жұмысым жаңа президенттің қызметін қолдауға, транзиттің бейбіт жағдайда жүзеге асуын қамтамасыз етуге және бастаған жұмысымызды аяқтауға бағытталады», - дейді Елбасы. 
http://stan.kz
16 мамыр 2019 ж. 818 0