Қызылорда облысында 3,7 млн шабақ құтқарылды
kaz.inform.kz – Қызылорда облысында су айдындарында қалып қойған шабақтарды құтқару бағытындағы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл жұмыс балық қорын сақтауға және табиғи экожүйені қорғауға мүмкіндік береді.
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
- Бүгінгі күнге дейін іс-шараға 88 техника, 335 адам қатысты. Нәтижесінде 3,7 млн балық шабағы құтқарылды. Негізгі мақсат – күріштік алқаптардан және бөлектенген су айдындарынан балық шабақтарын қауіпсіз жерге көшіру, су биоресурстарын сақтау және табиғатқа жауапкершілікті арттыру, - делінген хабарламада.
Департамент осы орайда табиғат пайдаланушылар мен тұрғындарды шабақ құтқару ісіне белсенді қатысуға шақырды.
Еске салайық, бұрын біз Қызылорда облысында күріштік алқаптарда судың тартылуына байланысты шабақты құтқару шаралары басталғанын хабарладық.

Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл жұмыс балық қорын сақтауға және табиғи экожүйені қорғауға мүмкіндік береді.
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы- Бүгінгі күнге дейін іс-шараға 88 техника, 335 адам қатысты. Нәтижесінде 3,7 млн балық шабағы құтқарылды. Негізгі мақсат – күріштік алқаптардан және бөлектенген су айдындарынан балық шабақтарын қауіпсіз жерге көшіру, су биоресурстарын сақтау және табиғатқа жауапкершілікті арттыру, - делінген хабарламада.