Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдердің жұмысымен танысты

Аймақ басшысы Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдердің жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімдер мен нысандарды аралады.
Алдымен ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөліміне барды. Мұнда 526 әскери, оның ішінде 42 мерзімді әскери қызметші және 17 азаматтық қызметкер бар. Сондай-ақ 107 техника пайдаланылуда.

Аталған министрлікке қарасты 99215 әскери бөлімінде инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде. Бұл мақсатқа 2024 жылы 278,8 млн теңге, өткен жылы 369,8 млн теңге, биылға 151 млн теңге бөлінген. Бөлімде 6 ғимарат бар, жеке құрамда 90 әскери қызметші және 10 азаматтық қызметкер еңбек етеді.
Келесі нысан – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті. Құрылымдық бөлімшелерін қоса есептегенде 118 ғимараты, жеке құрамында 700-ден астам әскери қызметші және 90-нан аса азаматтық қызметкер бар. Мерзімді әскери қызметшілер жоқ.
Аймақ басшысы Ұлттық ұланның 5547 әскери бөліміндегі жағдайды да көрді. Мұндағы жеке құрам 540 әскери қызметшіден және 3 азаматтық қызметкерден құралған. Осы бөлімге қарасты әскери атыс алаңы 70 гектар жерде, аумағында 5 ғимарат орналасқан. Атыс алаңында 3 әскери қызметші және 4 мерзімді әскери қызметші жұмыс істейді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

02 қазан 2026 ж. 56 0