Өнеркәсіптен инфрақұрылымға дейін: Қазақстанда жеті жылда 1200-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Инвестициялық белсенділік – Қазақстанның экономикалық дамуына серпін беретін негізгі факторлардың бірі. Елімізде жаңа инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылып, жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарының қуаты кеңейтілуде, қосымша жұмыс орындары ашылуда. Сонымен қатар инвестициялық ахуалды жақсарту, жеке капиталды тарту және экономиканы жаңғырту бағытында шаралар қабылдануда. Мұның барлығы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, өндірістік әлеуетті арттыруға және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға негіз қалайды.
Инвестициялық өсім негізгі капиталға салынған инвестициялар статистикасынан да байқалады. 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша олардың көлемі 17%-ға өсті. Ал нақты көлем индексі (НКИ) 108,1%-ды құрады. Бұл баға өзгерістерін ескергенде инвестициялардың нақты көлемі 8,1%-ға артқанын көрсетеді.
Өнеркәсіп – инвестициялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші
Инвестициялық белсенділікте өнеркәсіп саласы жетекші орынға ие. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша салаға салынған күрделі инвестициялар ел экономикасына негізгі капиталға бағытталған барлық инвестицияның 40%-дан астамын құрады. Оның ішінде:
- өңдеу өнеркәсібіне – 14,1%, яғни 1,9 трлн теңге;
- тау-кен өнеркәсібіне – 13,9%, яғни 1,87 трлн теңге;
- электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауға – 9,7%, яғни 1,3 трлн теңге;
- сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, сондай-ақ ластануды жою қызметтеріне – 2,9%, яғни 388,2 млрд теңге бағытталды.
Әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен энергетика саласындағы өсім айтарлықтай байқалады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялардың нақты көлемі 39,9%-ға артып, ел бойынша орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болды. Ал электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласына бағытталған инвестициялар 49,3%-ға өсті.
Бұл көрсеткіштер өнеркәсіп өндірісін кеңейтуге, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға және елдің өндірістік базасын нығайтуға ықпал ететін салаларда инвестициялық белсенділіктің артқанын көрсетеді.
Сонымен қатар бұл қысқа мерзімді өсіммен ғана шектелмейді. 2020 жылғы пандемия дағдарысын есепке алмағанда, соңғы жылдары инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі сақталып келеді. Қарастырылып отырған кезеңдегі күрделі инвестициялардың ең жоғары өсімі 2025 жылы тіркелді. Нақтылаудан өткен жылдық деректер бойынша көрсеткіш 16,7%-ға артқан. Бұл өсімге өнеркәсіп саласы елеулі үлес қосты.
Мыңдаған жаңа өндіріс орны мен жұмыс орындары
Инвестициялық белсенділіктің артуына жаңа өнеркәсіптік жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы ықпал етуде. 2019–2026 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы құны 8,7 трлн теңгені құрайтын 1 226 жоба іске қосылды. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы нәтижесінде 106,8 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Маңызды жобалардың қатарында автомобильдер мен автокомпоненттер, полипропилен, шиналар, шыны, ферроқорытпалар, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және басқа да өнеркәсіптік өнімдер өндірісін кеңейту бар. Осылайша, инвестициялар өндірістік қуаттарды арттырып қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуға, аралас салалардың дамуына және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Жүзеге асырылған бастамалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Бұл салада 1 072 жоба іске қосылып, 6,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды және 93,7 мың жұмыс орны ашылды.
Жекелеген бағыттар бойынша:
- машина жасау саласында – 187 жоба;
- тамақ өнеркәсібінде – 265 жоба;
- құрылыс материалдарын өндіру саласында – 242 жоба;
- химия өнеркәсібінде – 57 жоба жүзеге асырылды.
Аталған салалардың дамуы отандық өнім түрлерін көбейтуге, жаңа өндірістік тізбектер қалыптастыруға және ішкі нарықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Трансформаторлар мен тракторлардан бастап мұнай-газ химиясы мен автомобиль өндірісіне дейін
Соңғы жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, өндірістік қуаттар артып, елдің өнеркәсіптік мамандануы кеңейе түсті.
Шымкентте Asia Trafo күштік трансформаторлар өндірісі іске қосылды. Қостанай облысында «Кировец» тракторларын шығару жолға қойылды. Қарағанды облысында QazTehna автобустар, карьерлік және жол-құрылыс техникасын өндіретін кәсіпорны жұмысын бастады. Ал Қызылорда облысында Orda Glass Ltd. табақ шыны өндіру және өңдеу кәсіпорны іске қосылды.
Мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. полипропилен өндіру кәсіпорны. Қарағанды облысында TengriTyresKZ автомобиль шиналарын өндіру жобасы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар металлургия және өңдеу өндірістерінің қуаттары кеңейтілді. Елде ферроқорытпа өндірістері іске қосылып, құрамында алтын бар кенді өңдеу, арнайы кокс, шойын құймаларын, күкірт қышқылын, сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіру жобалары жүзеге асырылды.
Мұндай бастамалар дайын өнім өндіруді ғана емес, оған қажетті құрамдас бөлшектер мен өнеркәсіптік жабдықтар шығарудан бастап, шикізатты өңдеу және экономиканың басқа салаларына қажетті материалдар өндіруге дейінгі аралас бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.
Автомобиль өндірісінің жаңа қуаттары
Өнеркәсіпті дамытудың маңызды бағыттарының бірі – автомобиль жасау саласы. Соңғы жылдары Қазақстанда автомобильдер мен олардың бөлшектерін өндіру қуаттары кезең-кезеңімен кеңейіп келеді.
2025 жылы Алматыда Chery, Changan және Haval маркалы автомобильдер шығаратын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жобасы жүзеге асырылды. Кәсіпорында 3,6 мың жұмыс орны ашылды.
Қостанай облысында KIA Qazaqstan автомобиль өндірісі іске қосылып, тағы 1,5 мың жұмыс орны құрылды.
Автомобиль жасау саласының дамуы өндірісті жергіліктендіруге, жеткізу тізбектерін қалыптастыруға және аралас кәсіпорындардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар жаңа өндірістердің іске қосылуы жұмыс орындарының көбеюіне және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетінің кеңеюіне ықпал етеді.
Өнеркәсіптік жобалар еліміздің барлық өңірін қамтыды
Инвестициялық жобалар Қазақстанның барлық өңірінде жүзеге асырылып, аймақтық экономиканың дамуына және жаңа өнеркәсіп орталықтарының қалыптасуына ықпал етуде.
Жүзеге асырылған жобалар саны бойынша Шымкент қаласы (130 жоба), Астана қаласы (91 жоба), Ақмола және Алматы облыстары (әрқайсысында 81 жоба), Жамбыл облысы (76 жоба) және Алматы қаласы (71 жоба) алдыңғы қатарда.
Өсім қарастырылып отырған кезең бойы сақталды. Мәселен, 2019 жылы 81 жоба жүзеге асырылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 190 жобаға жетті. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны да 2025 жылы құрылды – 22 531 жұмыс орны.
Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасуда. 2026 жылы жалпы құны шамамен 1,7 трлн теңгені құрайтын 200 өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың іске қосылуы нәтижесінде шамамен 17,3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Осылайша, өнеркәсіпті дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Жаңа кәсіпорындар өндірістік базаны қалыптастырып, өңірлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауға ықпал етуде.
«Самұрық-Қазына» қорының инвестициялық жобалары
Ірі инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруда ұлттық әл-ауқатты арттыруды және келер ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуді мақсат ететін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры маңызды рөл атқарады.
Соңғы жеті жылда «Самұрық-Қазына» АҚ ел экономикасының негізгі салаларында 70-ке жуық ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды. 2019–2025 жылдар аралығында энергетика, мұнай-газ және газ-химия салаларын, көлік, телекоммуникация және су инфрақұрылымын дамытуға шамамен 27 трлн теңге бағытталды.
Бұл жобаларды жүзеге асыру өндірістік және инфрақұрылымдық қуаттарды кеңейтуге, ішкі нарықты дамытуға және шамамен 9 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Қордың инвестициялық бастамалары Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие. Жобалар қордың өз күшімен де, халықаралық инвесторларды, қаржы институттары мен технологиялық серіктестерді тарту арқылы да жүзеге асырылды. Олардың ауқымы мен бағыттары ірі инфрақұрылымдық нысандар салудан бастап, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа өндірістерді дамытуға дейінгі міндеттерді қамтиды.
Негізгі нәтижелер қатарында жаңа өндірістік қуаттар мен инфрақұрылым нысандарын құру, жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту, өндіру және өңдеу көлемін арттыру, көлік және энергетикалық жүйелердің өткізу қабілетін кеңейту, сондай-ақ өндірістік үдерістердің сенімділігі мен тиімділігін арттыру бар.
«Самұрық-Қазына» қорының негізгі жобалары туралы толығырақ төмендегі инфографикадан білуге болады.
Инвестиция – экономиканың ұзақ мерзімді дамуының негізі
Жалпы, Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуі елдің экономикалық және өндірістік базасының біртіндеп кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Инвестициялар құрылымында өнеркәсіптің елеулі үлеске ие болуы, өңдеу өнеркәсібі мен энергетика салаларындағы өсім қарқынының жоғарылауы, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы және ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы экономиканы одан әрі дамытуға негіз қалайды.
Бұл ретте инвестициялардың тиімділігі тек тартылған қаражат көлемімен өлшенбейді. Жаңа өндірістер жұмыс орындарын ашуға, отандық өнім түрлерін көбейтуге, аралас салаларды дамытуға және өңірлердің әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Қазына» қоры мен халықаралық серіктестердің қатысуымен атқарылып жатқан жұмыстардың жалғасуы экономиканы жаңғыртуға, оның тұрақтылығын арттыруға және ұзақ мерзімді өсім көздерін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік береді.