Кристин Лагард әлемдік экономиканың дамуын Абайдың идеясымен сипаттады

Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы жаһандық ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы баяулап отыр.
«Бұл ретте қазіргі кезде рецессия орын алып отыр деп айтып отырғаным жоқ, алайда өткен жылмен салыстырғанда бәсеңдеудің белгіcі көрініс берді, яғни 3,6 пайыз көрсеткіштен қазіргі кезде шамамен 3,3 пайыз. Сонымен қатар, қаржылық тұрғыда қосымша тәуекелдер болмайтынына сенім артудамыз. Біз алдағы 6 айда жаһандық шиеленістің төмендеуін болжап отырмыз. Осы орайда қазіргі кездегі шиеленістік құбылыстар бәсеңдейді деп ойлаймыз», - деді ХВҚ басшысы.
Оның пайымынша, Орталық Азияның өзіндік рөлі арқасында экономикалық дамуға тиісті ықпал тигізеді.
«Бүгіндегі сын-тегеуріндер түсінікті болып тұр, осы орайда біз өсімді бұдан да жоғары тұрақты деңгейге шағаруымыз керек. Біз осы бағытта аңдап, сенімді қадамдарды жасауымыз қажет. Осыған байланысты жан-жақты зерделенген ішкі саясатты жүзеге асырып, экономикалық әртараптандыруды арттыру керек. Сонымен қатар белсенді түрде халықаралық ынтамақтастыққа бағыт алған жөн», - деп түйді ол.