Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясы өтті

«Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясы өтті

kyzylorda-news.kz Кеше облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясындағы  «Болашақ үшін ағаш отырғызайық» акциясына  қатысты. Акцияның мақсаты - "Таза Қазақстан" бастамасын қоғамда кеңінен насихаттау және ілгерілету.
Аумақтарды көгалдандыру және табиғатты сақтау жауапкершілігін қалыптастыру. Отырғызылған әрбір ағаш - экологиялық ахуалды жақсартуға қосылған үлес әрі болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың белгісі.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі, облыстық басқарма басшылары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің және «Әділет» партиясы филиалының еріктілері - барлығы 150-ден аса адам қатысты.
275 түп тал отырғызылды, оның 25-і - арша және 250-і - терек көшеті.
Акция аясында барлық ауданда тал егу шаралары өткізілді. Оған 9163 адам қатысып, 5875 түп көшет отырғызылды.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 қараша 2026 ж. 34 0