Мәслихаттар сайлауы
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда.

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда.

Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер.
 
Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды.
 
Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі.
Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз.
 
Мен бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын».
 
t.me/aqorda_resmi
20 қараша 2026 ж. 62 0