Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиа форумда маңызды мәселелер

Медиа форумда маңызды мәселелер

Осымен он алтыншы рет ұйымдастырылған форум биыл «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы ма?» тақырыбын негізгі бағдар етті. Саясаткерлердің, журналистер мен сарапшылардың Қазақстан, Еуразия және дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтікмәдени дамуымен байланысты өткір мәселелерді талқылауға жағдай жасау мақсатындағы өткізілген форумның қонақтары арасында CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және танымал кинорежиссер Сергей Бодров және тағы басқалар төбе көрсетті.
Форумның алғашқы күні «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» мәселелері секілді жеті тақырыптағы пленарлық отырыспен басталды.
Жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда сарапшылар Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестіктерінің болашағына өз көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ, әлемдік медиа мамандардың шеберлік сабақтары да өте жоғарғы деңгейде өтті. Білікті мамандардың сабағы мен тәжірибесі қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Алқалы жиынның екінші күнінде медиа форумның салтанатты ашылуы болды. Сонда еліміздің және шетелдің мемлекет қайраткерлерінің арнайы құттықтау хаттары оқылды. Сонымен қатар сарапшылардың маңызды мәселелер жайлы пікірлері ортаға салынды. «Жаһанданусыз әлем дамудың жаңа үлгілерін іздейді» деген тақырыптағы мәжілісте бас қосқандар бүгінгі күннің ең басты мәселесі саналатын «Тұтыну дағдарысы» тақырыбында ой өрбітті. Энергетикалық ресурстың азаюы барлық әлем елдерін алаңдатып отырғандығы анық. Азық-түлік тапшылығы да бар екені жасырын емес. Сол себепті сарапшылар адамзат алдында тұрған мәселелерді шешу үшін қандай технологияларды дамыту керектігін талқылап, күрделі сұраққа жауап іздеді. 
Жалпы, Еуразиялық медиа форумда талқыланатын негізгі тақырыптың бірі «Бұқаралық медиадағы сандық жүйе және ресми БАҚ пен әлеуметтік желідегі ақпараттың аражігін ажырату мә­ селелері» болып отыр. Бүгінгі ақпараттық технологияның дамыған уақытында ақ пен қараны ажыратуда адасушылық айқын аңға­ рылады. Әсіресе ғаламтордағы көптеген әлеуметтік желілер мен ресми медиакомпаниялар тарататын ақпарат арасында айырмашылық көп. Әлеуметтік желідегі мәліметтер көбіне тексерілмейді және ешқандай заңдылыққа негізделмейді десек, ресми медиада да ақиқатқа үнемі жол беріле бермейтінін теріске шығара алмаймыз. Сарапшылар осы мәселе жөнінде де өз пікірлерін айтып, көзқарастарын білдірді. Жалған сөз жақсылыққа апармайды. Алған жалған ақпарат тарату қоғамдық ой-санаға кері әсер етеді. Соның салдарынан діни әрі ұлтаралық сипаттағы жанжалдар туындап, қарулы қақтығыстар өрбіді. Сондықтан осындай форумда сарапшылар саяси-экономикалық һәм мәдени-рухани мәселелерде қорда­ ланған мәселелерді ашық айтады. Айта кетейік, ұйымдастырушылардың пайымынша, бұл форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналды. Олардың қатарында облысымыздан «Сыр медиа» ЖШС- ның да делегаттары бар.
«Толқын» ақпарат
27 мамыр 2019 ж. 702 0