Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » XVI Еуразия медиа форумы басталды

XVI Еуразия медиа форумы басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осымен он алтыншы рет өтіп отырған форум биыл «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбымен делегаттардың басын қосты. 

Форум қонақтары арасында CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және танымал кинорежиссер Сергей Бодров, тағы басқалар бар. 
Форумның басты мақсаты – саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың Қазақстан, Еуразия және дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуымен байланысты өткір мәселелерді талқылауға жағдай жасау. 
Бүгінгі пленарлық отырыста жеті тақырып қарастырылады. Олардың қатарында «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» және тағы басқалары бар.  
Жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда сарапшылар Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестіктерінің болашағына өз көзқарастарын білдіреді. 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналды.

22 мамыр 2019 ж. 781 0