Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Арал аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған азаматқа қатысты істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде  қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, 25.04.2019 жылы сағат 16:45 шамасында азамат К-ны іс әрекеті сезік тудырғандықтан полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған жеке қарау жүргізген кезде, оның қалтасынан 3,07 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 629-1 бабының 2-бөлігінің 3)-тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс, егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды көздесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде сотталушы К. қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаған,  іс әрекетінің саралануына келісіп,  дәлелдемелерді зерттемей, өзін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдеген.
Судья істі сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарап, үкім шығарды. Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 250 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
27 мамыр 2019 ж. 470 0