Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін шығарылған үкім

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін шығарылған үкім

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат Қ-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 21.11.2018 жылы сағат 18:25 шамасында азамат Қ-ны іс әрекеті сезік тудырғандықтан полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған жеке қарау жүргізген кезде, оның қалтасынан 1,71 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, оның айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен азамат Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш – 24 050   теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
14 желтоқсан 2018 ж. 797 0