Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илон Маск ғарыштан бүкіл әлемге арзан интернет таратпақ

Илон Маск ғарыштан бүкіл әлемге арзан интернет таратпақ

Өткен аптада Илон Масктың SpaceX компаниясы Starlink жобасының алғашқы 60 телекоммуникациялық спутнигін ұшырды.

Егер алдағы аптада жоба аясында барлығы жоспар бойынша жүзеге асса, бірер жылдан кейін бірегей, ғаламдық әрі табысты жоғары жылдамдықты интернет-қызмет пайда болады,
«Starlink бүкіл әлемді сенімді әрі қолжетімді жоғары жылдамдықты, кең жолақты интернет-қызметпен қамтиды», - деп жазды SpaceX компаниясындағылар спутниктерді ұшырар алдында Twitter желісінде.
Масктың сөзінше, алғашқы тәжірибелік спутниктерді ұшыру  SpaceX компаниясына жердегі кабельдер арқылы мәліметтерді бір спутниктен екіншісіне бағыттап, Starlink-тің интернет-тұжырымдамасын тексеруге мүмкіндік береді. 
Starlink жобасының мақсаты – 2027 жылға жейін осы тәрізді 12 мыңнан аса телекоммуникациялық спутникті ұшыру. Бұл орбитадағы ғарыш аппараттарының санынан шамамен 7 есе көп. 
Starlink Жердің көптеген аумағына кең жолақты интернетті кедергісіз тарата алады. Сонымен қатар ұшақтар, кемелер, тіпті автокөліктерді де интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Маск интернет мүлде жоқ жерлерді интернетпен қамтамасыз еткісі келетінін бұған дейін бірнеше мәрте мәлімдеген еді. 
Лондонның Университеттік колледжінде компьютерлік желілерді зерттеумен айналысатын Марк Хэндли Starlink жобасының ғаламшардағы бүкіл адамның өміріне ықпал етіп, әлемнің көптеген аумағын жоғары жылдамдықты және кең жолақты интернетпен қамтамасыз ете алатынын айтты.
http://stan.kz
28 мамыр 2019 ж. 842 0