Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев "Жұлдызай" фестивалінің гала-концертіне барды

Тоқаев "Жұлдызай" фестивалінің гала-концертіне барды

Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV "Жұлдызай" халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады,  Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте КешYOU, Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен "Дауыс. Балалар" жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті. Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "BI-Жұлдызай" корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және Франциядан өнерпаздар қатысты.
01 маусым 2019 ж. 633 0