Байқоңырдағы көпбейінді ауруханада хирургия бөлімшесі ашылды

Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары тұрғындарына хирургиялық жоғары мамандандырылған көмек көрсетілуде. Өт тасы ауруы, гинекологиялық, асқазан-ішек жолдарына хирургиялық көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар. Медициналық орталықтың емханасына Байқоңырдан бөлек іргедегі Ақай мен Төретам ауылдарының 50 мыңдай тұрғыны тіркелген. Олардың барлығы түрлі дертке дауа іздеп ірі қалаларға сабылатын. Алдағы уақытта мұнда жасалатын операциялардың түрі 19-ға жеткізілмек. Қарасай Нұров, Байқоңыр көпбейінді ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі: – Сынған, бітпей қалған сүйектер, сүйектің қараюы, шіруі. Көптеген адам қазір металл конструкциямен жүр. Астана, Алматы, Қызылордада жасалып, олар уақытында дер кезінде бара алмай жүр. Сол кісілердің сүйектерінен металын аламыз. Алға басып жүріңкіреп кеткесін, іріңді аурулар: фурункулез, абцесс, флегмона соларды жатқызып емдейміз. Көпбейінді ауруханада қазір мамандар құрамы жасақталып жатыр. Ендігі меже – перзентхананы іске қосу.
https://24.kz/