Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Адам емес, алтын": 13 келі алтын таққан ер адам жұртты қайран қалдырды

"Адам емес, алтын": 13 келі алтын таққан ер адам жұртты қайран қалдырды

Вьетнамда 36 жастағы кәсіпкер Тран Нгок Пхук алтын бұйымдарынсыз үйінен шықпайтын көрінеді. Оның алтын бұйымдарының жалпы салмағы 13 келіні құрайды. Ер адамды 5 күзетші қорғап жүреді екен.
Кәсіпкердің 13 келілік бұйымдарына 4 жүзік кіреді. Олардың әрқайсысының салмағы жарты келі болады екен. Сонымен қатар ер адамның мойнында 5 келілік алқа, белінде үлкен алтын белдік бар. Ол өзін ұрылардан қорғау үшін, үйінен 5 күзетшісімен ғана шығады. Басылым мәліметінше, кәсіпкердің алтын бұйымдарының құны – шамамен 150 мың доллар (57 млн 500 мың теңгеден аса). Ол алтын бұйымдары өзіне сәттілік әкелетініне сенімді. 
Қазіргі уақытта Пхук Хошиминдегі ең танымал караоке-клубтардың бірінің иесі болып табылады. Кәсіпкердің сөзінше, ол кедей отбасында өскен. Өзінің бірінші миллионын 20 жасында тапқан екен. 
Ер адам өзінің алғашқы алтын әшекейін фен-шуй бойынша кеңесшінің кеңесінен кейін сатып алыпты. Ол бағалы металлдың иесіне сәттілік әкелетінін айтыпты. Осыдан кейін Пхук көп алтын тағуға ұмтылған. Десе де кәсіпкер ауыр бұйымдардан мойны мен арқасы ауыратынын мойындады. Тіпті, бір кезде дәрігерге жүгінуіне тура келген. Алайда Пхук ештеңеге қарамастан өзінің алтын бұйымдарынан бас тартуға құлықты емес. Сонымен қатар ол өзінің алтын бұйымдарының қатарына бейсболканы қосыпты. 
Алдағы уақытта кәсіпкер алтын жіптен тігілген жейде сатып алмақшы. 

stan.kz
12 маусым 2019 ж. 608 0