Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтар Азия чемпионын қарсы алды

Аралдықтар Азия чемпионын қарсы алды

Бүгін аралдықтар Arm Wrestling спортынан Азия чемпионы атанған жерлесіміз Нұрлыбек Рысмағамбетовты күтіп алды. Жеңісті алдына мақсат етіп қойған азаматтың бұл алғашқы жетістігі емес. Осыған дейін 2 мәрте Азия біріншілігінің күмісін иеленсе, өткен жылы қола алқа таққан болатын. Енді міне, «мақсат қою – ерлік, мақсатқа жету – бақыт» дегендей Алматы-Маңғышлақ бағытындағы поездан түскен чемпионымыздың кеудесінде алтын медаль жарқырап тұрды. Жерлестерінің құрметіне разы болған Нұрлыбектің жүзіндегі күлкі де алтынмен бірге Аралдық азаматтардың абыройын анық байқалтқандай.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Оңталап ЖОЛДАСОВ.

12 маусым 2019 ж. 703 0