Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Елімізде мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды.

"Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалсын", - делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.Жарлық 2019 жылдың 13 маусымында қабылданды. 
Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.
1984-1991 жылдары Алматы  мал дәрігерлік институтында оқыды; 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
· Қазақстан Республикасы президентінің қауіпсіздік қызметінің мүшесі, аға офицер, бөлім бастығы, бөлім басшысы, 2-бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің 1-бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (10.1992-2006 жж.);
· 1 кафедра меңгерушісі - Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысының орынбасары (03.2006-01.2012);
· 2012-2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысының бірінші орынбасары - Президенттік күзет қызметінің басшысы;
· 2013 жылдың қаңтар-наурыз айында ҚР ҰҚК Арыстан қызметінің басшысы;
· 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметі басшысы;
· 2014 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы);
· 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - Арыстан қызметінің басшысы болды.
http://stan.kz
13 маусым 2019 ж. 1 103 0