Толқын » Жаңалықтар » Қазақстанда әлеуметтік желінің бір сағатқа бұғатталуы 2,6 млрд теңге тұрады
Қазақстанда әлеуметтік желінің бір сағатқа бұғатталуы 2,6 млрд теңге тұрады
NetBlocks.org ұйымы Қазақстанда сайлау күнгі әлеуметтік желінің бұғатталуына байланысты қорытындысын жариялады.
Оған сәйкес, WhatsApp, Telegram, Twitter, Facebook желісінің қызметінде ақау болғаны анықталды. VPN-сервисі бар қолданушылар аталған желіге кіре алған. Сонымен қатар интернет-ресурсының бұғатталуының қанша тұратынын білуге болады. Қазақтанда, мәселен, бір сағатқа желіні бұғаттау 530 мың доллар тұрады. Бұл сома гипотетикалық қаржылық шығынға байланысты. Оның табысы интернетпен еркін жұмыс істеуден түседі. Мәселен, жарнама берушілер біршама клиентін жоғалтады. Сонымен қатар сома қолданушының қызметті пайдаланбаған уақытына байланысты. Егер қызмет пакеті 5 мың теңге тұрса, ғаламтордың сағаты 7 теңгеге шығады. Ұйымды есептеу кезінде дүниежүзілік банктің, ITU (электробайланыс халықаралық одағы), Еуростат аймақтық индикаторларынан деректер пайдаланылды.