Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Бүгін Арал ауданында таңғы сағат 09:00-ден бастап қала тұрғындары мен қонақтары жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алуда. Мобильді топтар азаматтарды «Жолда қабылдау» деген жазуы бар арнайы құрылған шатырда қабылдау жүргізуде деп хабарлайды Арал ауданы әкімдігінің баспасөз хатшылығы.Акция барысында қала тұрғындары осы уақыт аралығында жол-қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы бойынша 10, автокөліктерді тіркеу бойынша 8, жүргізуші куәлігін алу бойынша 7, жеке куәлік алу, төл-құжатты алу, автокөліктерге қосымша бөлшектер орнату және әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары бойынша 10 құқытық кеңес алды.
Шара Арал қаласындағы «Қанағат» базарының алаңында кең көлемде өткізілуде.
14 маусым 2019 ж. 1 098 0