Атыраудағы қонақ үйдегі өрт: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

«Өрт саунаның жерасты қабатындағы пар бөлмесінен басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер саты арқылы шығып, 3 бала мен 31 ересек адамды, 29 баланы құтқарды», - деді Қазақстанның ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар – Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.