Елбасының өзі сөзге шешендігін байқап қалған: Президенттің жаңа тағайындалған штаттан тыс кеңесшісі жайлы не білеміз
Мақсат Сқақов 18 маусым күні президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметке келген Мақсат Нұрлыбекұлы туралы не білеміз?
Мақсат Сқақов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Мақсат Нұрлыбекұлы - отбасылы, үш баланың әкесі. Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілін меңгерген. Қызылордада Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетте тарих, құқық негіздері және экономика пәнінің мұғалімі мамандығын оқыған. Қарағандыда Евней Букетов атындағы мемлекеттік университетті "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдады. АҚШ-та "Болашақ" бағдарламасымен экономика ғылымдары бойынша докторантурада оқыды.
Мақсат Сқақұлы мемлекеттік тіл жанашыры. Қай салада болмасын сөзге шешендігімен танылған. Қазақтың тілін, дінін, мәдениетін, қазақ спортын насихаттап, дамытуға үлес қосып жүр. Елбасының өзі сөз сөйлеген Мақсат Сқақұлының шешендігіне байқап қалған еді.
"Сіз әркез елдің бірлігін айтып жүресіз. Сондықтан еліміз аман болсын. Заманында екі батыр қырқысып жатса, бір би айтыпты дейді. "Арамның жолы қиқалаң, адалдың жолы төте еді. Жақсы жаман әркімнің арасынан өтеді. Бұл дүниенің қызығы бәріңе түгел жетеді" деген екен. Қазақстанның ынтымағы жасасын. Алар асуы алда болсын", - деді Мақсат Сқақов "Болашақ" түлектерінің жиынында елбасы алдында сөз сөйлей отыра.
Бұл сәтте Мақсат Нұрлыбекұлынан шешендігін байқаған Нұрсұлтан Назарбаев одан қайда жұмыс істеп жатқанын сұрады. Тіл комитетінің төрағасы екенін білген соң "нағыз баратын жеріңе барыпсың" деп күлді.
Мақсат Нұрлыбекұлы 1997-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы президентінің Ұлттық гвардиясында әскери қызмет етті. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында, 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінде, 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі жастар саясаты департаменті басшысының орынбасары қызметінде болды. 2005 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің бас маманы қызметін атқарды.
2005-2006 жылдары Жеке Сауда-өнеркәсіп палатасының директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары Жеке сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, 2007 жылы Жеке сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті болды.
2007 жылы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, 2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитетінің төрағасы қызметінде еңбек етті.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және әлеуметтік-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы болды.
Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің самбодан абсолюттік чемпионы. Самбо және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған.
"Бала күнімнен күреспен айналысамын. Бірақ салмағым үлкен болғандықтан өзімнен үлкен балалармен күресіп, жеңіліп қалатынмын. Кейін әскерге келген соң ғана күресте бағым жана бастады", - деді Сқақов сұхбатының бірінде.
Әскери шені - полковник. Ол Астана қаласында "Қазақ күресі" федерациясының президенті. Маңғыстау облысындағы "Джиу-джитсу" федерациясының президенті.
Ғани Мұратбаев атындағы "Астананың 10 жылдығы", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы", "Мұнайлы ауданына 10 жыл" , "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл" медальдарымен марапатталған.
2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасынан, 2014 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет министрінен құрмет грамотасын алды.
ҚР "Мәдениет саласының үздігі", ҚР президентінің күзет қызметі, "Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл", "Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл" төс белгісімен марапатталған.
Мақсат Нұрлыбекұлы әр әңгімесін дінмен сабақтастырып отырады. Қазақ күресінің өзі пайғамбардың сүннеті екенін айтады.
"Қазақтың күресінің өзі мұсылмандарға сүннет. Дені сау адамның, жаны сау болады. Біраз уақыттан бері ораза ұстаймын. Себебі Рамазан айында барлық азғырушылар кісенде болады. Сондықтан сауапты істен құр қалмау керек. Әр құлшылық адамның өзі үшін, ораза жаратқан үшін", - дейді ол.