ҚҰТТЫҚТАУ

Қарымын да білеміз қаламыңның,
Оңғарылсын барлығы талабыңның.
Қазақтың тарихында ұлы Абай бар,
Тарихында қал сен де Аралыңның.
Уақыт дейтін келмейді жел ескертіп,
Бұра тарпай бастарсың белеске тік.
«Толқынның» толқығанын Арал халқы,
Өзіңменен жүрсін тек елестетіп.
Алла өзіңе назарын салып өтсін,
Келер күнді күннен де анық етсін.
Ақынға сөзді Алланың өзі берген,
Жаратқан тілегімді қабыл етсін.
Өзің – басшы, ал біздер – ізің қоштар,
Талай жылдар алдыңда күлуде асқар.
Жамбылдай жүз жаса деп тілек қылды,
«Толқындағы» ниеті ақ ұжымдастар!
ІЗГІТІЛЕКПЕН: «ТОЛҚЫН» ГАЗЕТІҰЖЫМЫ