Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік органдар Конституцияның 25 жылдығына дайындалуы тиіс – Мәми

Мемлекеттік органдар Конституцияның 25 жылдығына дайындалуы тиіс – Мәми

Бүгін Парламент Палаталарының бірлесен отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми мемлекеттік органдардың ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына дайындалуы қажет екенін айтты. 

Ол келесі жылы бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданған қолданыстағы Конституцияға 25 жыл толатынын атап өтті.
«Барлық мемлекеттік органдар Ата Заңның арқасында қол жеткізілген жетістіктерді, сондай-ақ мемлекеттік қоғамның және әрбір қазақстандық-патриоттың басты назарын талап ететін сындарлы істер мен тәуекелдерді талдай отырып, осы тарихи оқиғаға дайындалуы тиіс. Құрметті депутаттар, сіздердің ұйымдастырушылық-практикалық және заң шығармашылық қызметтерңізде констиуциялық құндылықтарды одан әрі дамыту ел егемендігінің орнықты және дәйекті нығайтуыға оң ықпал ететін болады», - деді ол.
Сондай-ақ, Кеңес төрағасы соттардың қолданысқа енгізілген құқықтық актілердің констиуциялылығын тексеру туралы ұсыныстармен Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіншілігін кеңінен пайдалану қажеттігі туралы айтты.
«Констиуцияның 4-бабы 3-тармағының жаңа редакциясын іске асыру өте маңызды. Ол үшін «ҚР халықаралық шарттары туралы» заңына Қазақстан аумағына констиуцияға сәйкес емес деп танылған халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындауға тыйым салу, сондай-ақ ратификациялауға жатпайтын және халықаралық шарттарды қабылдауға немесе бекітуге жол бермеу түсінігіне түзетулер енгізу керек», - деп айтты Мәми «ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялау барысында.
https://baq.kz
20 маусым 2019 ж. 882 0