Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жауапкершілікті күшейтеміз": Мамин бюджетті тиімсіз жұмсағандар жазаланатынын айтты

"Жауапкершілікті күшейтеміз": Мамин бюджетті тиімсіз жұмсағандар жазаланатынын айтты

Бюджет қаржысын тиімсіз жұмсағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтіледі. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді

Парламент мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиев премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады. 
«Депутаттар үкімет пен есеп комитетінің есептерін талқылау кезінде бюджет бағдарламалары ғана емес, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың сапасыз орындалғаны, ондағы көрсеткіштерге қол жеткізілмегені бойынша мысалдарды көптеп келтірген болатын. Бұл жағдай жыл сайын қайталануда. Асқар Ұзақбайұлы, елімізде заңнамалық базада жоспарлау әдістемесі бар. Сапасыз жоспарлағаны үшін жауапкершілік атап көрсетілген.
Сіздің пікіріңізше, республикалық бюджетті сапалы жоспарлауға не кедергі? Бюджет қаражатын тиімді пайдалану сапалы жоспарлауға тікелей байланысты емес пе? Үкімет бюджеттік бағдаралмаларды сапасыз орындағаны және көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін басшыларға қатысты қандай шараларды қабылдады?» - деп сұрады депутат.
Үкімет басшысы бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалғаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейтетін заң жобасы әзірленіп жатқанын, құжатты жыл соңына дейін парламентке ұсынатынын айтты.
«Сіз басшылардың жауапкершілігі жөнінде өте маңызды сұрақ көтердіңіз. Бүгін 200-ден астам қызметкеріміз тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп айтты. Жаңа өзгерістердің ішінде бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заң жобасы әзірленуде. Жоспарлап отырған өзгерістерге сәйкес, тиісті заң жобасын жыл аяғында парламентке енгіземіз», - деп жауап берді премьер-министр екі палатаның бірлескен отырсында.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы 224 мемлекеттік қызметкердің бюджетті жұмсауды дұрыс жоспарламағаны үшін жазаланғаны белгілі болды. 
http://stan.kz
20 маусым 2019 ж. 703 0