Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарбаз болып шыңдалу да шеберлік

Сарбаз болып шыңдалу да шеберлік

Әскери салада білім алып, сол салада еңбек етуді еліміздің қай азаматы болмасын қалайтыны сөзсіз. Сымдай тартылып, темірдей тәртіпке бас иу де әр сарбаз үшін аса жауапты іс. Міне, сол салаға жастайынан құлшыныс танытып, қайтсем әскери салаға өзімді бейімдей аламын деп жүрген жастар бүгінде арамызда жоқ емес. Сондай жас курсанттардың қатарында М.Орынтай, Ғ.Қуатов және И.Қазиевтер бар. Олар бүгінде Щучинск қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы кадет корпусында білім алады. Міне, осы орайда екінің бірінің қолы жете бермейтін осы оқу орнының жаңа мүмкіндіктері жайында айтсақ.
Ш.Уалиханов атындағы кадет корпусында оқу кабинеттері толықтай заманауи техникалармен жабдықталған. Дәрістер интерактивтік және мультимедиалық тәсілдермен өтеді. Бұл тәсілдер курсанттардың соғыс тактикасын жылдам меңгеруге, ұрыс даласында тез ойланып, тиімді шешім қабылдауға баулиды. Сондай-ақ, элетрондық тренажерлармен жабдықталған арнайы кабинеттер бар. Бұл кабинеттерде курсанттар танк, жаяу әскерлердің жауынгерлік машинасында отырып маневр жасауға, жүріп келе жатып зеңбіректен нысананы көздеп атуға машықтанады. Ал, осындай тренажерларда жаттыққан курсанттар полигонға барып нағыз әскери техникамен бірден жұмыс істеп кете алады. Оқу барысында жасалған стратегия мен тактикалар бөлмеден шықпай-ақ орындалатын болған. Теориялық білімді іс жүзінде сынау үшін барлық жағдай жасалған. Бұдан бөлек, әскери базада батальондық және роталық буын офицерлерінің, сондай-ақ, рота-батальон деңгейі сержанттарының курстық даярлығы өткізіледі. Демалыс күндері мәдени іс-шаралар өткізу жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Ондағы мақсат, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қазақ сарбазының беделін көтеру. Әрбір курсанттың бойындағы қаблетін шыңдауға жәрдемдесетін түрлі үйірме жұмыстары жұмыс жасайды. Салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын шыңдай түсемін деуші жастарға да күнделікті әскери өмірден бөлек, салауатты өмір салтын ұстану үшін үлкен көлемдегі материалдық базамен жасақталған. Арнайы спорт кешенінде гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, түрлі спорт ойындарына арналған залдар мен жүзу бассейні бар. Міне, осы сынды жан-жақты жағдаймен қамтамасыз етілген аталған оқу орынында әрбір кураснттың ішіп-жемі мен киім-тамақтары және жол жүру шығындары аталған оқу орны тарапынан қарастырылған.
Иә, сарбаз болып сапта тұру әрбір жастың борышы. Ал, сол жолда жүріп, қалыпты өмірдің көшіне ілесіп жатқан жандар бүгінде бүтін бір әскери отбасы ретінде өмір сүріп келеді. міне, сол әскери саланың ортасына түсіріп, ысылы-суығына төздіретін осындай оқу орындары бүгінде кез-келген баянды болшақтың алғашқы сатысындай болып есептелетіні анық. Ендеше, қымбатты достар, өзіңізді әскери адам ретінде қалыптастырып, темірдей тәртіп пен айнымас достыққа куә болғыңыз келсе келешекті  мектеп партасынан ойлау керек дер едім.
Н.Құлжігітов,
Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкері.
05 наурыз 2018 ж. 1 335 0