Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттің тапсырмасынан кейін журналистердің кәсіби мерекесі қалай тойланады?

Президенттің тапсырмасынан кейін журналистердің кәсіби мерекесі қалай тойланады?

Кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекітуге тапсырма берген болатын.

Мемлекет басшысы басшысы өзінің Twitter парақшасында жазған еді.
"Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ" , - деп жазды президент.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осыған қатысты пікір білдірді.
“Дәрігерлердің, ұстаздардың т.б сала мамандарының кәсіби мерекесі бар. Сол секілді журналистер мерекесі де аталып өтіледі. Бірақ кәсіби мереке үшін демалыс берілмейді. Бұл жерде арнайы қаулы қабылданады. Сосын сіздердің еңбектеріңіз ескеріліп, ынталандыратын мейрам болады", - деді Дәурен Абаев.
https://baq.kz
25 маусым 2019 ж. 803 0