Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараптар татулығының дәнекері

Тараптар татулығының дәнекері

Татулық туына дақ түсірмеуді негізгі міндеті санайтын медиаторлар бүгінде қоғамның белді бір мүшесіне айналып үлгерді. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Айталық қазіргі уақытта заңдық тұрғыда құқықтарын дұрыс қорғай алмай, заңды білсе де, біле тұра мойынсұнғысы келмей жүрген заңды тұлғалар жоқ емес. Түрлі жағдайларды алға тартып, өзінің жауапкершілігінен қашып жүргендер қаншама?! Міне, сондай жандармен арадағы түсініспеушілікті сот залында талқыламай, өзара бірлесіп шешуде кәсіби емес медиаторлардың маңызы зор.Қазіргі уақытта біздің бұл бағыттағы жұмысымыз жайлап алға басып келеді. Төрелігін айтпасақ та, тараптар арасындағы түсініспеушілікті өзара ымырамен шешуге өз үлесімізді қосып келеміз. Жұмысымыздың жүргендігі болар, бүгінде барлық саны 26 қожалықтың байланыс қызметіне 300 мың теңгеден астам қарызы өтеліп, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты. Қазіргі уақытта біз осы сынды жұмыстармен айналысудамыз.Иә, әділдіктің шырағын жағып, тараптар татулығына дәнекер болып жүретін медиаторлар қазіргі уақытта өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Бұған қатысты жұмыстардың бар екендігін де бүгінде мерзімді басылым беттерінен жиі көзіміз шалып жүр. Сот жұмысын жеңілдетуге негізделген бұл құрылымның қоғамдағы беделі сонысымен де артып келеді. Алдағы уақытта осы бағыттағы заңды жұмыстарымызды одан әрі жалғай бермекпіз.
Т.ӘБДІХАНИЕВ,
Арал ауданы бойынша кәсіби емес медиатор
02 шілде 2019 ж. 788 0