Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрінің көмекшісі пара алды деген күдікке ілінді

Білім министрінің көмекшісі пара алды деген күдікке ілінді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин агенттікте өткен брифингте сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғандар туралы мәлімет берді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универсиететі ректоры мен Білім және ғылым министрінің көмекшісінің ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлау фактісі анықталды. Олар 2007 жылдан қазіргі күнге дейін министрдің көмекшесінің жалақысына осы оқу мекемесінде оқытушылық қызметі үшін 7 млн теңгеден астам бюджет қаржысын заңсыз есептеді деп күдіктелуде. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Бердалин.
04 шілде 2019 ж. 731 0