ҚР Үкіметінде Дунга және Абай кен орындары бойынша құжаттарға қол қойылды

Өз кезегінде, Каспий теңізінің қазақстандық секторында Абай теңіз учаскесінде бірлескен қызмет аясында көмірсутектерді барлау және өндіруде жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қ. Есқазиев және ENI Орталық Азия аймағы бойынша атқарушы вице-президенті Лука Виньяти қол қойды. Жобаларды іске асыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутекті барлау және өндіруге инвестицияларды арттыруды қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, Абай учаскесінде көмірсутекті барлауға және өндіруге келісім жасалған, онда қарастырылған: тереңдігі 2500 метр бірінші іздеу-барлау скважинасын бұрғылау, 700 бойлық шақырым көлемінде 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және жалпы сомасы 14 миллиард теңге болатын өзге де жұмыстар. Жалпы, келісімді іске асыру Қазақстан үшін жобаның экономикалық тиімділігін арттыруға әкеледі, сондай-ақ мұнайсервистік компаниялар үшін қосымша жұмыс көлемі мен қызметтерін құруға, өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді.