Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Оны сатып кеткенде қатты уайымдайды": Мәсімов Назарбаев жайында

"Оны сатып кеткенде қатты уайымдайды": Мәсімов Назарбаев жайында

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов "Хабар" телеарнасында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Көшбасшы болу өнері" фильмінде елбасының лауазымға қызметкер тағайындауда қандай басшылыққа сүйенгенін айтты.

Мәсімов тұңғыш президент үшін әрдайым адамның кәсібилігі негізгі қасиеті болып табылатындығын атап өтті.
"Ол ешқашан кәсіби емес маманды лауазымға қоймайды. Яғни ол үшін кәсібилік басты қасиет", - деді Мәсімов.
Екінші мәселе, әрине, адамдық қасиеттері. Адам қанша кәсіби болғаныменғ жандүниесі тар адам болу мүмкі. Олар сатқындаққа барады. Әрине, оның айналасында мұндай адамдар өкінішке қарай кездесті. Олар сатқындық жасады. Бәріміз де мұндай мысалдарды білеміз.
Мәсімов сонымен қатар бұрынғы президенттің көңіл-күйі, оның қабылданған шешімге қалай әсер ететіні жайлы айтты. 
"Нұрсұлтан Әбішұлы ашулы болады. Көңіл-күйсіз жүреді. Оған әлдене ұнамай тұрғандай болады. Бірақ оның неге басымдық бергенін сіз ешқашан түсінбейсіз. Ол толғанысын жасырып, ашуын білдірмеуі мүмкін. Ол мұндай уақытта өзімен өзі болады, жанында сөйлесіп отырған адам мұны баймауы да мүмкін. Ол өз шешімін көңіл-күйінен бөліп қарай алады", - деді премьер-министр.
"Нұрсұлтан Әбішұлы адамдар сатқындық жасаған кезде қатты қиналады. Бірақ бұл өмір. Нұрсұлтан Әбішұлы кадрлық ауыс-түйіс жасағанда оның ұзын-сонар "сәкі қоры" болды. Содан ол адам таңдап отырды. Ол мына адамды, не ана адамды таңдай алды", - деп қорытындылады комитет басшысы.
https://stan.kz

08 шілде 2019 ж. 697 0