Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.