2,7 млн қазақстандық көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 наурызындағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауын іске асыру мақсатымен басталды. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылдың соңына жоспарлануда.
"2019 жылдың 21 наурызында «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы шеңберінде дәнекерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі сәтте шамамен 550 км құбыр дәнекерленді, бұл барлық газ құбырының 50%-дан астамын құрайды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Газ құбырының құрылысымен 2,7 млн адамға дейін халық санымен 171 елді мекенді көгілдір отынмен кезеңмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалды. Құрылыс кезеңінде 2 мыңнан астам жұмыс орны, ал пайдалану уақытында – шамамен 190 жұмыс орны құрылады.
Жобаның үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар. Кәсіпорыннан жобаның жоспарлық қуатқа шығуы кезінде жыл сайын ел экономикасына кемінде 1,9 млрд теңге салық түсімдері, Нұр-Сұлтан қаласының және газ құбыры трассасының бойында басқа елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту қарастырылған.
Атап айтқанда, 2024 жылға дейін ластаушы заттардың шығарынды көлемін 6 мын тоннаға қысқарту күтілуде. Бұдан басқа, жобаның арқасында осы елді мекендердің инфрақұрылымы дамитын болады