Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты жылда халықтың шынайы табысы 5,5% өсті - Асқар Мамин

Жарты жылда халықтың шынайы табысы 5,5% өсті - Асқар Мамин

Әлеуметтік шараларды жүзеге асырғаннан кейін алғашқы жарты жылдықта Қазақстанның экономикасы айтарлықтай өсіп, елдегі орташа жалақы 9 процентті құрады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде айтты

Асқар Маминнің айтуынша, осы аралықта халықтың шынайы табысы 5,5% өсті. Сондай-ақ, ол бес ай ішінде сыртқы сауда айналымы 3,3% өскенін жеткізді. Мемлекеттік бюджеттің алты айдағы табысы 4 трлн 370 миллион теңгеге орындалды. Бұл 148 миллиард теңгеге көп. 
«Осы жылы 1 шілдеде мемлекеттік бюджеттің шығыны 6 трлн 342 миллион теңгені немесе жоспардың 99,6%-ін құрады. Құнсыздану деңгейі жоспарланғандай болып жатыр. Жұмыссыздық - 4,8%, 186 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде 128-і тұрақты», - деді премьер. 
Әрі қарай Асқар Мамин бизнес-қоғамдастықтардың үлкен қолдауға ие болғанын жеткізді. Бүгінгі таңда жалақысы аз 1,1 млн қызметкердің жалақысы орташа есеппен 31% өсті. 
Мұнымен қатар, ол атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өсуі 5,2 млн адамның табысына оң әсерін тигізгенін айтты. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысын ашқаны туралы хабарлаған едік.
15 шілде 2019 ж. 570 0