Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде көпбалалы отбасыларға жылдық 2 пайызбен тұрғын үй қарыздарын беру басталды

Елімізде көпбалалы отбасыларға жылдық 2 пайызбен тұрғын үй қарыздарын беру басталды

Биылғы жылдың 15 шілдесінде жылдық мөлшерлемесі 2 пайызды құрайтын «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша төлемдер беру басталады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді,

«2012 жылдан бері өңірлерде кезекте тұрғандар саны екі еседен аса артқан. Кезек үнемі артуда. Сондықтан Тұңғыш президенттің бастамасымен жылдық мөлшерлемесі 2 пайыздық «Бақытты отбасы» бағдарламасы құрылды. Бұл жақсы бағдарлама. Бірнеше ай бойы жұмыс істейді», - деді Тоқаев. 
Осылай деген мемлекет басшысы министрден жұмыстың қалай жүріп жатқанын сұрады. 
Министр Роман Склярдың сөзінше, 3 жыл көлемінде жыл сайын көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды өсіріп отырған отбасыларға жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен 6 мың жеңілдетілген қарыз беріледі. 
«Біз жыл соңына дейін 13 миллион шаршы метр баспана көзделген жоспарды орындаймыз. Белсенді жұмыс істейміз. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бюджет ерекшелігін анықтадық. Бүгіннен бастап төлемдер басталады», - дейді Скляр. 
Президент тұрғын үй бағдарламаларының барлығын бірыңғай бағдарламалық тұрғын үй саясатына шоғырландыру керектігін айтты.
16 шілде 2019 ж. 776 0