Қызылордалық ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов егіз баланың әкесі атанды.

"Екеуміз көп сыр айтатынбыз. Досымның арманы отбасын құрып, бала сүю еді. Бүгін алла қалап, сол арманына жетіп отыр. Жұбайы егіз баланы, бір ұл, бір қызды өмірге әкелді. Бауы берік болсын", - дейді ақын.
"Шабыт" фестивалінің лауреаты атанған Нұрмұхамед мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан аузына таяқша тістеп телефонға жазу арқылы өлең шығарады. Одан бөлек шахматтан өткен жарыста облыс чемпионы атанған.
Бұған дейін Нұрмұхаммед Әбілқасымов "Тағдырымның жанары", "Тасжарған" атты жыр жинағын шығарған. Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, әкім қолынан екі бөлмелі пәтердің кілтін алған.