Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіз болады деп күткен: Қостанай облысында әйел ойда жоқта үшемді өмірге әкелді

Егіз болады деп күткен: Қостанай облысында әйел ойда жоқта үшемді өмірге әкелді

1 маусымда Қостанай облысындағы перзентханада 17 жастағы әйел үшемді өмірге әкелді,

Мұндай жағдай Лисаковск тұрғынының отбасында орын алған. 17 жастағы Ирина егіздерді күтіп жүрген екен. Алайда босанған күні екі қыз бен бір ұл баланы өмірге әкелген. Олардың салмағы 1,4 келіден 2,1 келіге дейін.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы екенін айтты. 
Иринаның өзі дәрігерлердің арқасында үшемі аман-есен дүниеге келгенін айтады.
«Біз егіз болады деп күттік. Сөйтсек, тосынсый күтіп тұр екен. Бақыттымыз әрі өте қуаныштымыз. Бұл біздің алғашқы немерелеріміз. Үшінші сәбиге өте қуаныштымыз», - дейді үшемнің әжесі.

http://stan.kz 

05 маусым 2019 ж. 682 0