Енді ипотеканың алғашқы жарнасын зейнетақы қорынан төлеуге болады
Елдің әлеуметтік қоры азаматтарға ауыр сырқат түрлері емінің шығынын да зейнетақы қорындағы қаражатпен өтеуге рұқсат беруді көздеп отыр. Қырғызстанның әлеуметтік (зейнетақы) қоры азаматтарға ипотеканың алғашқы жарнасын өздерінің зейнетақы жинақтарынан төлеуге рұқсат етуді ұсынып отыр. Жоба қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Іnformburo.kz-тің жазуынша, ипотекалық кредиттің алғашқы жарнасына қажетті бірреттік төлем сомасын азаматтардың өздері анықтайды. Алайда ол салымшының зейнетақы жинағының жалпы мөлшерінен аспауы тиіс. Әрі мемлекеттік ипотекалық компанияның 50 мың сом (275 мың теңге) көлеміндегі алғашқы жарна мөлшері шамасында болуы керек.
Қаражатты мемлекеттік ипотекалық бағдарламаға қатысқан жағдайда ғана қолдануға рұқсат. Әрі өтініш беруішінің баспанасы болмауы қажет.
Сондай-ақ жоба аясында ауыр науқасқа шалдыққан қырғызстандықтарға қаржыны емдік мақсатта жұмсауына жол ашылмақ. Ол үшін сырқат түрі үкімет бекіткен тізімде болуы тиіс. Бастама арқылы үкімет азаматтарды зейнетақы шоттарына қаржы құюға ынталандырғысы келеді.
https://qamshy.kz/article/50235-endi-ipotekanynh-alghashqy-dgarnasyn-zeynetaqy-qorynan-toleuge-bolady?utm_referrer=https%3A%2F%2Fzen.yandex.com