Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасыларға көмір алуға 20 мың теңге көмек беріледі

Көпбалалы отбасыларға көмір алуға 20 мың теңге көмек беріледі

    Нұр-Сұлтанда тұрмысы төмен отбасылар мен мұқтаж жандарға көмір сатып алуға 20 200 теңге беріледі. Бұл туралы қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігінің тілшісі.

     Әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар отбасыларға, пешпен жылытылатын жер үйлерде тұратын мүгедектерге, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға көрсетіледі.
"Өтемақы сомасы 20200 теңгені құрайды және жылыту маусымында бір рет қана беріледі. Басқа жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен көмірді алуға қаржы бөлінбейді",- деді басқарма басшысы. 
Көмекті алу үшін мұқтаж жандар әкімдікке өтінішпен қоса келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.
1. барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары;
2. мекенжай анықтамасы
3. жылжымайтын мүлкі жоқ екені туралы анықтама;
4. банктен 20 сандық есеп нөмірі;
5. отбасының кірістері туралы мәлімет.
Барлық сұрақтар бойынша 556822, 556834, 556845,556840 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Төлеуов тамыздағы жағдай бойынша көмірдің 1 тоннасы 12-14 мың теңге аралығында сатылатынын айтты. Оның сөзінше елордада бір отбасы бір маусымда шамамен 7-10 тонна көмір жұмсайды.
https://stan.kz/kopbalali-otbasilarga-komir-aluga-20-min-tenge-komek-beriledi-320357/
07 тамыз 2019 ж. 736 0