Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қосымша 500 мыңнан беріледі: Түркістандық көпбалалы отбасыларға тағы да жеңілдік жасалмақ

Қосымша 500 мыңнан беріледі: Түркістандық көпбалалы отбасыларға тағы да жеңілдік жасалмақ

Алдағы уақытта бір отбасы орташа есеппен айына 100-150 мың теңге, ал жылына 1,8-2 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек алады

Елбасының бастамасына сәйкес, арнайы штаб құрылып, ол үй-үйді аралау арқылы әлеуметтік карта жасайды. Осы картаға сәйкес, 86,6 мың отбасының 19 мыңы тұрмысы төмендер қатарына енеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. 
«Дәл қазір 24 748 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Яғни 21 608 отбасыға 4,7 миллиард теңге төленді», - дейді Ербол Әбілқайырұлы. 
Әрі қарай ол 2019 жылы енгізілген өзгерістерге сай шартты ақшалай көмекті 12 айға, шартсыз ақшалай көмекті 6 айға тағайындауды көздеп отыр. Әр отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің айлық мөлшері 100-150 мың, жылдық мөлшері 1,8-2 миллион теңгені құрайтын болады. Осы қаржыны тиімді пайдалану үшін тұрмысы төмен азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
«2019 жылдың алғашқы үш айында 400-ге жуық отбасы өз ісін ашты. «Атамекенмен» бірігіп, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілген соң көпбалалы отбасыларға қосымша қайтарымсыз 500 мың теңге мемлекеттік грант беріледі", — деді облыс әкімінің орынбасары.
19 мамыр 2019 ж. 824 0